Аналитика

Қазақстан Республикасының Заңнамасы бойынша еңбек қорғау Конфедерациясының «Қазақстан Республикасы кәсіптік одағының қызметіне қатысты сұрақтар бойынша заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» концепиясы.

Еңбек конфедерациясының Бас хатшысы. М. Машкенов.

2014 жылы 27 маусымында қабылданған кәсіптік одақтар заңнамасы бірқатар еңбек дау-дамайларының өсуіне алып келді, 1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясы, сонымен қатар 2007 жылы ҚР Еңбек Кодексіне өзертулер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туындаған болатын. Кәсіподақтар қозғалысын жетілдіру, еңбекшілер құқығын қорғау, заман талаптарына жауап беру сықылды бірқатар мәселелер түрткі болғаныын айта кету керек. Осы қабылданған екі негізгі заңнамаға сүйеніп, кәсіптік одақтар туралы жаңа заңнама қабылданды. Бұл заңнама жұмыс берушілер мен жұмысшыларға қатысты әлеуметтік әріптес жүйесін құрып, оны жетілдіре түсу болатын.

Мәселелер шешімін тапты ма? Бұл ашық сұрақ. Алайда, кәсіподақтар қызметі, сонымен қатар түзетілген еңбек құзыреттілігі тәжірибе жүзінде сынақтан өтіп, өзінің өміршеңдігін байқатты. 1993 жылдан бастап қабылданған кәсіподақтар туралы заңнамаға он бір жыл өтті, барлық шаруашылық нарықтық қатынасқа қалыптасып, еліміздегі жергілікті жекеменшік сала жетіле түсіп, демеушілер қатары да көбейді. Ескі қоғамдық қарым-қатынас «жігінен ажырап», мемлекетті жұмыс берушілер мен жұмысшылар арасында алауыздық туындап, жергілікті дау-дамайлардан бастап ірі аймақтық ұжымдық келіспеушіліктерге алып келгені есімізде. Еліміздегі 800-ден астам кәсіптік одақтар өкілдері (республика-облыс-салалық құрылымдар) әлеуметтік әріптес жүйесімен қамтылмаған болатын. Қазақстан кәсіподақтарында түсініспеушіліктер көбейіп, «қалталы» кәсіподақтар саны да арта түскені есімізде. Жұмысшылардың құзыреттілігін қорғау амалдары әлсірегенін әлі ұмыта қойған жоқпыз. Соның салдарынан әлеуметтік-еңбек даулары ескерусіз қалып кетті. Сол себепті, Қазақстанда кәсіподақ қызметінің құқықтық механизмін үйлестіру мәселелері туындады. Елбасының тапсырмасы бойынша 2012 жылы 10 шілдеден бастап «Қазақстанның әлеуметтік модернизациясы: Жалпы Еңбек Қоғамына жиырма қадам» бағдарламалық мақала негізіне жоба құрылып, кейін кәсіподақтар туралы жаңа заң қабылданды. ҚР Үкіметтік Концепциясы құрылған сәттен бастап, еңбек Конфедерациясы тығыз қарым-қатынаста болып, бірқатар мәселелерді шешуге атсалысты. Атап айтатын болсақ, Қазақстан Республикасы әлеуметтік қорғау және Еңбек министрлігі және Кәсіподақтар федерациясымен біздің әріптестермен заң жобасын жасақтауға қатыстық. Гая Райдера – МОТ бас директоры, ҚР Үкіметі, Парламент Мәжілісі, ЕңбекМин тобына біздің ұсыныстарымыз енгізілді.

Заңнама құрастырушылар көздеген мақсаттарына жетті ме? Бақытымызға орай иә деп айтуға толық негіз бар. Өйткені, міндетті қайта тіркеу шаралары жүргізіліп, қызмет көрсету тетіктерін айқындау іс-шараларының арқасында бірегей мекемелер сақталып, олардың әлеуметтік әріптестермен қарым-қатынасы арта түсті. ҚР Үкіметінің бастапқы ұсынымы бойынша, әлеуметтік әріптес жүйесіне қатысты сұрақтар, кәсіподақтар заңнамасы туралы Концепциясы, мүшеліктерді қалыптастыру мақсатындағы амал шарғылар толығымен орындалды. Алайда, өткен тоқсан көрсеткендей, кәсіподақтар ахуалы айтарлықтай жақсара қоймады. Құзыретті міндеттің жетіспеуі салдарынан мамандардың есебі бойынша және дербес эксперттер тарапынан түскен ұсыныстар мен қорытындыларға үңілсек, кәсіподақ құрылымдары саласындағы мамандар, сонымен қатар МБТ МОТ ескертпелері, 2013 жылы маусымындағы «Қазақстан Республикасы кәсіподақтар туралы заңнама жобасы бойынша Меморандумның техникалық ескертулері» енгізілген шарғылар күткен нәтижелер көрсетпеді. Айта кету керек, аталмыш техникалық ескертпелер Еңбек министрлігі және ҚР әлеуметтік қорғау нысандарының сұрақтары бойынша 2013 жылы мамырда Халықаралыр МОТ Еңбек Бюросына бағытталған болатын.

2013 жылы 18 маусымда Халықаралық еңбек конференциясын жүргізу мақсатында Женевада Қазақстан Республикасы еңбек Конфедерациясы және кәсіподақтар Федерациясы, Еңбек министрлігі өкілдерімен МБТ кездесуі болып өтті. Еңбек конференцияның негізгі ұстанымына «ЗКР жобасы бойынша қорытынды «Кәсіптік одақтар туралы», халықаралық құқықтық нормаларға сәйкес, сонымен қатар МОТ Конвенциясының негізі: №87 – «ассоциация еркіндігі туралы және ұйымдардың құқығын қорғау», №98 - «ұжымдардың құқығы туралы және ұжымдық келіссөздер жүргізу» мәселелері қаралған болатын. Өткен төрт жылда қабылданған заңнама аясында біздің ұстанымдарымыз өзгерген емес.

ҚР әлеуметтік қорғау және Еңбек министрлігі, 2018 жылы 5 мамырда еңбек Конфедерациясы Кеңесі бекітілген келісіммен (сәйкес кесте) кәсіптік одақтар туралы заңнамаға ұсыныстар жолдады. Тәжірибесі бар тек кәсіподақ құрылымдарының мәселелері бойынша, ұсыныстар енгізілді. Екі бағытқа баса назар аудару қажет.

Бірінші – қызметкерлердің қалыптасуымен өз еркі бойынша кәсіподаққа атсалысуына қатысты құрылымдық кәсіподақтардағы шектеулерді алып тастау.

- Біздің тарапымыздан заңға өзгертулер енгізуге, кәсіподақ құру амалдарын кеңейту (см.п.1 статья 5 ЗРК). Іс жүзіндегі заңға құрылымдық-өндірістік кәсіподақ құру мақсаттары, оған қоса: жергілікті және корпоративтік мақсаттағы, өндірістік, кәсіби кәсіподақ құруға күш жұмсалды.

Негіздеме: 11 әлеуметтік әріптесі бар Салалық министрліктің кәсіподақ құрылымын жасақтау құзыреттілігін алып тастауға болмайды. Қызметкерлерді шектеуге біздің негіздемеміз жоқ. Жұмыс берушілер бірлестігі және жергілікті құзыретті нысандар құқық қорғауға қатысты сонымен қатар ассоциация таңдауға құқығы бар, жергілікті және басқа да заңды негіздегі салалық кәсіподаққа сәйкес, көптеген жаңа мамандықтардың шығуына байланысты үнемдік қызметке негізделген жеке үлгіге сәйкес кәсіподақ құруға құқылы.

Мысалы: Алыс жол жүретін жүргізушілер кәсіподағы, халықаралық автобус, таксис, шаштараз, журналист, салалық кәсіподақ қамтамасы жоқ Аймақтық кәсіподақ бірлестігінде мүшелік құқығымен локалдық кәсіподақ құру – әлеуметтік әріптес негізінде жергілікті құзыретті орындармен облыстық деңгейде, республикалық, қалаларда және астанада мүшелік ұйым ретінде.

Жеке немесе топтық жекеменшік ұйымдармен азық-түлік өндіруші, әртүрлі қызметтік бағытта, көпсалалы өндіріс – немесе корпоративтік мақсат бойынша кәсіподақ құруға, Осы тектес ұйымдар (өндіріс) жеке немесе аралас үлгіде, нақты салалық ұйымдармен жүзеге асыруға құқылы.

Қазақстанда ірі ұлттық компаниялардың пайда болуы және көпсалалы өндірістік нысандар кәсіподақ негізін қалауға мүмкіндік беруде. Біз осы тектес ұйымдардағы қызметкерлер бірлестігін тіркеуден өткізіп, заңдастыруды алдымызға мақсат етіп қойдық.

Екінші бағытта – түсініспеушіліктің алдын алу үшін бір ұйымдағы екі заңды мүшелік ұйымның қызметін шектеу.

Кәсіподақ мүлкі – материалдық құндылық негізінде заңды құқыққа ие. Шаруашылықты жүргізу немесе жедел басқару және басқа да игілікке бағытталған. Оған – мүшелік жарналар, еркін жарналар және қайырымдылық шаралары, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына (2 статья 30 заңнамаға сәйкес) қайшы келмейтін іс-шаралар жатады.

Кәсіподақ меншігі қалыптасу негіздері кәсіподақ Заңнамасында көрсетілген, заңды тұлғалардың құқығын шектемейді «өзіне тиесілі меншікке иелік етеді және тұтынады» (ҚР Азаматтық Кодексі пункт 1 сатия 188).

Мысалы: Локалдақ кәсіподағы қоғамдық бірлестігі (заңды тұлға) оған белгілі бір құқық пен міндеттері құрылтайшы келісім-шарт негізінде қарастырылған. Жаңа заңды тұлға – Салалық кәсіподақ бірлестігі ассоциация (кеңес) түрінде қалыптастыру үшін.

Локалдық кәсіподақ ұйымы өзінің құқығын сақтайды. Мүліктік талас-тартыс немесе барлық бірлестік мүшелерінің мәселелерінің алдын алу үшін.

Ескерту: Келтірілген мысалдар бойынша Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің талаптарына сәйкес, кәсіподақ беделі және бірлестіктері 11, 12, 13, 14, 15 статьялар, қосымша жаңа статьялар 11 А қарастырылған.

Заңнаманың 1 статьясына «пайдаланып отырған Заңнаманы негізгі түсініктемеге» енгізу:

1. Ұғым – ассоциация (кеңес) заңды тұлғаға қарасты: Республикалық кәсіподақ бірлестігі, аталмыш ассоциацияның (кеңестің) мүшелері заңды тұлға болып табылады – салалық кәсіподақтың, аймақтық кәсіподақ бірлестігінің және салалық ассоциация кәсіподағының;

2. Қоғамдық бірлестіктің – кәсіподақ мүшелерінің бірлестігі, тіркелген жеке мүшелікпен.

Аталмыш бірлестік бастауыш кәсіподақ ұйымын құруды болжайды, заңды тұлғаның қатысуынсыз локалдық немесе салалық кәсіподақ бөлімшелері мен құрылымдарының құзыретілігі негізінде.