Аналитика

mashkenov sait3Кәсіподақтар жаңа жағдайда жұмыс істеуді үйренуі тиіс


М.Р. МАШКЕНОВ,
Қазақстанның Еңбек конфедерациясының бас хатшысы.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа арнаған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» деп аталатын жолдауында Қазақстан үкіметіне әлеуметтік жаңғырту және Қазақстанда Жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеясын жүзеге асыру бойынша 20 нақты тапсырма берді. Бұл – мәні мен маңызы жағынан алғанда бірегей жолдау болды. Егемен Қазақстанда қалыптасқан әлеуметтік-еңбек қатынастарының тиімсіздігі және аса ірі кәсіподақ – Қазақстан кәсіподақтары федерациясының уақыт талабына сай келмей отырғаны туралы алғаш рет шынайы баға берілді.

1995 жылдан бастап мен және менің әріптестерім мұндай қордаланған мәселелер туралы айтып қана қоймай, Қазақстанның кәсіподақ қозғалысын жетілдіру және әлеуметттік-еңбек қатынастарын жақсарту жөнінде әлденеше рет ұсыныс жасадық. Бұл тұрғыда менің пікірлестеріммен қатар әлдекімдер де әлдеқашан тырысып жүргенін көрсеткісі келетіндей. Ешқашан кәсіподақ саласында «оппозиционер» болған емеспіз. Біз қордаланған мәселені қашан да тек қана заң шегінде шешуді ұсындық. Бұрын біз айтатынбыз, Кәсіподақтар федерациясының құрылымы жаңа экономикалық жағдайларға сай емес деп. Кәсіподақтар салалық мақсат бойынша құрылуы тиіс дедік, өйткені 1990 жылдары әлеуметтік серіктестермен барлық деңгейде диалог жүргізуге нақты мүмкіндік болды. Бұл өте шиеленісті пікірталас еді. Облыстық кәсіподақтар кеңестері өз өкілеттіктерінен айырылғысы келмеді. Жұмысты жаңаша ұйымдастыру туралы кез-келген бастама оппозицияшыл болып көрінді. Өзінің ішкі мән-мазмұнына жағынан алғанда кәсіподақ жұмысы революциялық жол емес эволюциялық жол болып саналады. Бірақ әңгіме тек жұмыстың жаңа әдістермен істелуі жөнінде болған еді. Шын мәнінде кәсіподақтар тек өз бағдарламасы, стратегиясы мен реттелген, жөнге қойылған тактикасы және әлеуметтік серіктестік пен әлеуметттік диалог орнатқан жүйесі бар болғанда ғана жұмыс істей алатын еді. Ашық теңіздегі ескексіз қайық секілді қаңғалақтап жүрген кәсіподақтың болашағы жоқ болды. Оның үстіне, өзің отырған қайықты теңселтуге тырысу ақымақтық іс еді. Кез-келген радикалистік іс-әрекетті нақты жағдайларды сараптай отырып, адам еңбегінің игілігіне бағытталған дұрыс ұсыныстардан ажырата білу керек. Алайда осынау қарапайым жайттарды бұрын да, әлі де түсіне алмағандар немесе түсінгісі келмейтіндер әлі де бар. Олар бізге «шырық бұзушылар» деп қарады. Бірақ ол кезде біздің алдымызда кәсіподақтардың қолындағы бар әлеуетті рәсуа қылмау мәселесі тұрған еді.
2003 жылы ҚР тұрғын-үй шаруашылық қызметкерлері кәсіподағының бұрынғы төрағасы В.П. Ковалеровтің, ҚР кәсіпкерлері мен кооперациялары қызметкерлері кәсіподағының бұрынғы төрағасы Ш.Ә. Жангелдиннің, ҚР авиация қызметкерлері кәсіподағының бұрынғы төрағасы Л.В. Хворовтың, ҚР агроөнеркәсіп кешені қызметкерлері кәсіподағының бұрынғы төрағасы Қ.Б. Базылжановтың, ҚР балық шаруашылығы қызметкерлері кәсіподағының бұрынғы төрайымы М.Б. Бақтыгерееваның және тағыда басқалардың бастамасымен Қазақстан Республикасының Еңбек конфедерациясы құрылып, ҚР Әділет министрлігіне тіркелді. Мұны Қазақстан тәуелсіздік алғалы кәсіподақ қозғалысының даму тарихындағы аса маңызды белес деуге болады.
Қазақстан Республикасының «Кәсіподақтар туралы» Заңы қабылданғаннан кейін Қазақстандық Еңбек конфедерациясы Әділет министрлігінде қайтадан мемлекеттік тіркеуден өтті (БИН №020640014659 2015 жылдың 11 науырызынан). Қазіргі уақытта «Қазақстан Еңбек Конфедерациясы» республикалық кәсіподақтар бірлестігінің құрамына жалпы жиынтығы 800000 (сегіз жүз мың) мүшесі бар 14 республикалық салалық кәсіподақ және 4 облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігі (Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Өскемен) кіреді.
Қазақстан Президентінің халыққа жолдауында Үкіметке нақты тапсырма бергеннен кейін әлеуметтік-еңбек қатынастары саласында реформа жасау, жаңартуға деген шынайы үміт пен құлшыныс пайда болды. Конфедерация бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы әлеуметтік серіктестік бойынша республикалық үшжақты комиссия құрамы кеңейтілді. Республикалық үшжақты комиссияға Еңбек конфедерациясынан екі өкіл – М.Р. Машкенов пен Б.Қ. Қаппаров қосылып, комиссия жұмысына тұрақты қатысатын болды. Мәселені нақты шешу үшін әлеуметтік серіктестік бойынша республикалық үшжақты комиссия отырысы басталғанға дейін мүше ұйымдардың жазбаша үндеулері немесе сұрау салу арқылы «сұрақтарды алдын ала» жинақтау тәжірибесі енгізілді.
Қазақстан Еңбек Конфедерациясы өз жоспарын республикалық деңгейде жүзеге асыру мақсатында әлеуметтік серіктестік бойынша республикалық үшжақты комиссия құрамында Қазақстан Үкіметі және Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесе жұмыс істеп, ұсыныстар жасайды. Онда қаралатын мәселелер мейлінше кең ауқымды қамтиды, атап айтқанда:
- ең төменгі күнкөріс көлемін мемлекеттік реттеу мәселелері;
- ең төменгі жалақы көлемі мен оны индексациялау;
- Халықаралық Еңбек ұйымының №131 Конвенциясын ратификациялау.
Қазақстан Республикасының Еңбек Конфедерациясы «2017-2019 жылдарға арналған «Лайықты еңбек бойынша ұлттық бағдарлама» жобасын жасауға қатысты. Қазақстан делегациясының құрамында бізде болдық. Халықаралық Еңбек ұйымының сессиясына қатыстық. 2016 жылы қазан айында Қазақстан Республикасы Еңбек конфедерациясы атқарушы комитетінің мүшелері Халықаралық Еңбек ұйымының сарапшылар миссиясымен кездесті. Қазақстанның Еңбек Конфедерациясы Ақпарат және коммуникация министрлігімен бірлесіп «Салалық біліктілік шеңберін» жасауға қатысты. Уақыт кідірмейді. Бізге Қазақстан экономикасында реформа жасаумен бірге кәсіподақтардың өздері де жаңа жағдайларға бейімделіп жұмыс істеуді үйренуі керек. Ал, ол үшін, мүше ұйымдар бірлесе әрекет ете отырып, мүшелік ұйымдардың мүддесін лайықты топтаса қорғап, құрылған ұйымның мәртебесіне сыйластықпен қарап, олардың жұмысына араласпау керек. Реформа «қызмет көрсетуге ыңғайлы» болу үшін ғана емес, Жалпыға бірдей еңбек қоғамы идеясында көрсетілгендей адам өмірі мен еңбек жағдайын жақсарту және қорғау үшін керек